Түркістан облысының Полиция департаменті бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды конкурстық негізде

- Түркістан облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ /рота құқығында/ саптық бөлінісінің инспекторы – 5 лауазым;

 

- Түркістан облысы ПД Кентау қаласы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (білім беру ұйымына бекітілген) – 1 лауазым;

 

- Түркістан облысы ПД Түркістан қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы – 1 лауазым;

 

- Туркестан облысы ПД Отырар ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы (туристерге қызмет көрсету бойынша)  – 1 лауазым;

 

- Түркістан облысы ПД Созақ ауданының полиция бөлімі тылды қамтамасыз ету тобының ғимаратты күзету полицейі – 1 лауазым;

 

- Түркістан облысы ПД Түркістан қаласы Полиция басқармасы ақпараттандыру және байланыс тобының технигі – 1 лауазым.

 

Функционалдық міндеттері: Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ /рота құқығында/ саптық бөлінісі тобының инспекторы - Қоғамдық-саяси, спорттық-бұқаралық, мәдени-көпшілік, басқа да бұқаралық және күзет іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету, ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөлімдерімен бірлесіп, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың өзге де түрлерін анықтау және жолын кесу мақсатында анағұрлым криминогендік орындарды тексеру бойынша мақсатты рейдтер мен арнайы операциялар өткізу;

 

Функционалдық міндеттері: Жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі ювеналды полиция тобы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы /білім беру ұйымына бекітілген/- Кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау, оларды кемсітудің барлық түрлерінен, физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылықтан, қорлаудан және дөрекі қарым-қатынастардан қорғауды қамтамасыз етеді.  Кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мінез-құлқын қалыптастырады. Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық жасауға тарту анықтайды және олардың жолын кеседі. Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алады.

 

Фукционалдық міндеттері: Жергілікті полиция қызметі бөлімі патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы - Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, өз жолдарында, лауазымдарда және аралас аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын-алу, жолын кесу, ашуға және қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуге арналған уақтылы шаралар қабылдайды.

 

Функционалдық міндеттері: Жергілікті полиция бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы (туристерге қызмет көрсету бойынша)  - Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ел аумағында болу ережелерін түсіндіруде кеңес береді. Туристік объектінің аумағында шетелдіктерге қатысты құқық бұзушылық анықталған жағдайда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша материалдарды дайындайды және шешім қабылдау үшін туристік объектінің орналасқан жері бойынша ауданның ПБ-не жібереді.  Туристік объектілердің әкімшілігімен өзара іс-қимыл жасайды. Туристік объектілерге баратын шетелдік туристер санының есебін жүргізеді. Туристік аймақтарды патрульдеуді жүзеге асырады және туристерге көмек көрсетеді. Жоғалған құжаттар мен өзге де заттарды қайтару немесе қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауға жәрдем көрсетеді. Туристік объект аумағында шетелдік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

Фукционалдық міндеттері: Ақпараттандыру және байланыс тобының технигі - Есеп құжаттарды сапалы және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді, сақталған ақпаратты жаңартумен айналысады және олардың күнделікті ауысуын қамтамасыз етеді, АА-ның барлық бағдарламалық модульдерінің жұмысқа қабілеттілігіне жауап береді, аймақтық деңгейдегі ақпараттың аймақтық деректер базасына өтуін бақылайды.

 

Фукционалдық міндеттері: Тылды қамтамасыз ету тобының ғимаратты күзету полицейі - сеніп тапсырылған объектіге кіру режимін жүзеге асырады, сеніп тапсырылған құжаттар мен материалдық активтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

Үміткерлерге талап етіледі:

 

Құқық қорғау органдарының қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына – отыз бес жастан аспаған, 18 жасқа толған, біліктілік талаптарына байланысты кемінде орта білімi бар Қазақстан Республикасының азаматы және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөліністері қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

 

 

Категория

Лауазым атауы

Біліміне қойылатын талаптар

Кәсіби сипаттамаларға қойылатын талаптар (қызмет ерекшелігін көрсететін)

C-SN-8

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ /рота құқығында/ саптық бөлінісінің тобының инспекторы

жоғары білім немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі.

 

Заңтану

Халықаралық қатынастар

Құқық қорғау қызметі

Алғашқы әскери

даярлық

Дене шынықтыру

және спорт

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарында қызмет өткеру немесеҚазақстан Республикасының оқу орындары жанындағы Әскери кафедрасының курстарын аяқтауы.

Жекпе-жек күрес түрлері бойынша спорттық атақтарының, разрядтарының біліктіліктерінің

немесе практикалық ату бойынша куәліктерінің болуы (қосалқы қызмет қызметкерлерін қоспағанда).

C-SVR- 

    8

Кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы /білім беру ұйымына бекітілген/,

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін кәсіби жоғары

Заңтану.

Халықаралық құқық.

Құқық қорғау қызметі. Педагогика және

Психология.

Алғашқы әскери

Даярлық.

Дене шынықтыру

және спорт.

Әлеуметтік

педагогика және

өзін-өзі тану.

Психология.

Педагогика және

 бастауыш оқыту

 әдістемесі.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдарды, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.

C-SSP-8

Қызмет инспекторы

 

жоғары білім немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгібілімі.

Заңтану.

Құқық қорғау қызметі,

Халықаралық құқық,

Тасымалдауларды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану,

Көлік, көліктік техника және технология.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдарды, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.

C-SVR-

     8

Туристік полицей

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін кәсіби жоғары

Заңтану

Халықаралық құқық

Құқық қорғау қызметі

Құқық және экономика негіздері

Шетел тілі: екі шетел тілі

Халықаралық қатынастар

Теология

Түркітану

Әлеуметтану

Саясаттану

Аймақтану

Туристік полиция үшін Қазақстан тарихы мен шет тілдерін білу қажет.

 

 Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдарды, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.

C-SV-12

полицей

орта білім

немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Азаматтық қорғау туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңдарды, "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін", "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін", Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексін, кәсіби қызметпен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.

C-SV-13

техник

орта білім немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Азаматтық қорғау туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңдарды, "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін", "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін", Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексін, кәсіби қызметпен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.

 

 

Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн ІІО-ның кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабатыста орналастырылған мынадай құжаттарды:

1) нысан бойынша өтiнiшті;

2) нысан бойынша сауалнаманы;

3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен бекітілген ІІО-ға қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12555 болып тіркелген) (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) сәйкес нысан бойынша кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;

4) Іріктеу қағидаларына сәйкес нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаянды;

5) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде); 

7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);  

8) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;

9) 3х4 см өлшемдегі төрт фотосуретті;

10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

11) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерiн жүргiзу мен пайдаланудың Қағидасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы;

12) құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін);

13) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін);

 

 

14) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.

Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

 Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 
          Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін адамдар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін адам кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

 

Жиналған құжаттарды Түркістан облысы Полиция департаментіне тапсыруы қажет. Мына мекен-жай бойынша: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ерубаев көшесі, № 197Е.

Электрондық мекен жайы: http://ontustik.gov.kz/ru/pages/departament-vnutrennih-del-yuzhno-kazahstanskoy-oblasti. Индекс: 160012

Анықтама телефондары: 8-725-33-5-98-36, 5-85-88, Факс:  5-85-72

 

 

Түркістан облысының Полиция департаменті бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды конкурстық негізде
Дата публикации
18 августа 2020