- Түркістан облысы ПД Қазығұрт ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы – 1 лауазым;
- Түркістан облысы ПД Арыс ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы – 1 лауазым;
- Түркістан облысы ПД Кентау қаласы полиция бөлімі жедел-криминалистикалық тобының криминалисі – 1 лауазым;
- Түркістан облысы ПД Түркістан қаласы Полиция басқармасы қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамауда ұстау изоляторының полицейі – 2 лауазым;
- Түркістан облысы ПД Бәйдібек ауданы полиция бөлімі қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамауда ұстау изоляторының полицейі – 1 лауазым;
- Түркістан облысы ПД Түлкібас ауданы полиция бөлімі қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамауда ұстау изоляторының полицейі – 1 лауазым;
- Түркістан облысы ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының байланыс бөлімінің компьютеризация тобының технигі – 1 лауазым;
- Түркістан облысы ПД Отырар ауданы полиция бөлімі ақпараттандыру және байлныс тобының технигі – 1 лауазым;
Функционалдық міндеттері: учаскелік полиция инспекторы - азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау, оларды кемсітудің барлық түрлерінен, физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылықтан, қорлаудан және дөрекі қарым-қатынастардан қорғауды қамтамасыз етеді. Заңға мойынсұнушылық мінез-құлқын қалыптастырады. Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық жасауға тарту анықтайды және олардың жолын кеседі. Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алады.
Фукционалдық міндеттері: жергілікті полиция қызметі бөлімі патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы - Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, өз жолдарында, лауазымдарда және аралас аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын-алу, жолын кесу, ашуға және қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуге арналған уақтылы шаралар қабылдайды.
Функционалдық міндеттері: жедел-криминалистикалық тобының криминалисі - Заттай дәлелдемелер табу, тіркеу, алу және бағалау үшін оқиға орындарын тексеруге және басқа да тергеу амалдарына, жедел-іздестіру іс-шараларына қатысады, қылмыстық, әкімшілік істер және жедел-іздестіру материалдары бойынша заттай дәлелдемелерді криминалистикалық зерттеу жүргізеді, криминалистикалық есептерді, ақпараттық-анықтамалық криминалистикалық картотекалар мен коллекцияларды қалыптастыруды, жүргізуді және оларды пайдалануды, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкес келуіне сынықтар жүргізуді және заңнамаға сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарын және оларды сынау әдістерін әзірлеуге қатысуды;
Фукционалдық міндеттері: Қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамауда ұстау изоляторының полицейі: Күзетшілікке түсер алдында кезекші мен бірлесе отырып изолятор бөлмелеріндегі қондырылған төсек орындарды, терезелердің қондырғы темір торларды, едендерді, бөлменің төбесін жылу жарық қондырғы жүйелерін, есіктерді, құлыптарын қамауда отырғандардың қимыл іс әрекеттерін байқап көріп отыратын есіктегі терезені мұқият тексеруден өткізеді, ұсталғандарды есептен және әрқайсысын үзбей көз жазбастан қадағалап отырады.
Фукционалдық міндеттері: байланыс бөлімінің компьютеризация тобының технигі - Ақ оқиғаларының мониторингін жүргізеді, күн сайын тікелей басшыға мониторингтің нәтижелері туралы баяндайды, АҚ-ны бұзу фактілері анықталмаған кезде қызметтік жазба дайындайды. Пайдаланушылардың жұмыс станцияларына және телефон желілеріне техникалық қорғау құралдарын орнатуды жүзеге асырады.Оларды пайдалану ережелерін сақтауды бақылайды,оларды бұзған жағдайда тікелей басшыға дереу баяндайды.
Фукционалдық міндеттері: ақпараттандыру және байланыс тобының технигі - Есеп құжаттарды сапалы және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді, сақталған ақпаратты жаңартумен айналысады және олардың күнделікті ауысуын қамтамасыз етеді, АА-ның барлық бағдарламалық модульдерінің жұмысқа қабілеттілігіне жауап береді, аймақтық деңгейдегі ақпараттың аймақтық деректер базасына өтуін бақылайды.
Үміткерлерге талап етіледі:
Құқық қорғау органдарының қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына – отыз бес жастан аспаған, 18 жасқа толған, біліктілік талаптарына байланысты кемінде орта білімi бар Қазақстан Республикасының азаматы және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөліністері қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
|
Категория |
Лауазым атауы |
Біліміне қойылатын талаптар |
Кәсіби сипаттамаларға қойылатын талаптар (қызмет ерекшелігін көрсететін) |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
C-SVR-4 |
Учаскелік полиция инспекторы
|
жоғары білім. Құқықтану. Құқық қорғау қызметі, Халықаралық құқық, Алғашқы әскери Даярлық,
Мемлекеттік және жергілікті басқару. |
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдарды, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
C-SSP-8 |
Қызмет инспекторы
|
жоғары білім немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі. Заңтану. Құқық қорғау қызметі.
|
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдарды, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
C-SVR-8 |
криминалист |
нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.
|
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдарды, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
C-SV-12 |
полицей |
орта білім немесе орта буын мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім.
|
Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Азаматтық қорғау туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңдарды, "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін", "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін", Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексін, кәсіби қызметпен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
C-SV-13 |
техник |

Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн ІІО-ның кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабатыста орналастырылған мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнаманы;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен бекітілген ІІО-ға қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12555 болып тіркелген) (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) сәйкес нысан бойынша кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;
4) Іріктеу қағидаларына сәйкес нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаянды;
5) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);
7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);
8) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;
9) 3х4 см өлшемдегі төрт фотосуретті;
10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
11) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы №29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы;
12) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін);
13) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.
14) екі данада өзіне және жұбайына кірістер мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалар.
Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін адамдар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін адам кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Жиналған құжаттарды Түркістан облысы Полиция департаментіне тапсыруы қажет. Мына мекен-жай бойынша: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ерубаев көшесі, № 197Е.
Электрондық мекен жайы: http://ontustik.gov.kz/ru/pages/departament-vnutrennih-del-yuzhno-kazahstanskoy-oblasti. Индекс: 160012
Анықтама телефондары: 8-725-33-5-98-36, 5-85-88, Факс: 5-85-72