Көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты анықтап ұстады

Көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты анықтап ұстады

«Заңсыз келуші-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнінде көлік полицейлері 73 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде 58 шетелдік Қазақстанда болу қағидаларын бұзғаны үшін, оның 54-і ТМД азаматтары болса, алыс шетелдіктер - 4. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов хабарлады.

Оның айтуынша, сот шешімі бойынша 5 шетелдік елден тысқары шығарылды.

«Сондай-ақ, осы іс-шара барысында Стамбұл-Алматы бағытындағы әуерейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ-мен бірлесіп Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 158-бабы бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматын анықтап, ұстады», - деді полиция полковнигі.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 19-25 маусымы аралығында Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген адамдарды анықтау және Департаменттің қызмет көрсету аумағында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында «Заңсыз келуші-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.