
Ағымдағы жылдың 13 мамырында Алматы 1 станциясындағы желілік полиция басқармасына жүк пойызының машинисі темір жолда адамның болуына байланысты шұғыл тежеу қолданып, осылайша адамды қағып кетудің алдын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Пойыздың тұрағы 7 минутты құрады.
Сонымен қатар, құқықбұзушы Шамалған станциясының өткелінен өтіп бара жатып жүк пойызына тас лақтырып, кейін қашып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік полицейлері Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын анықтады.
Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 5-бөлігі (белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өту) және 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды.
Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы облысы Қарасай аудандық сотына жолданды.