Маңғыстау облысында әйел адам ұстау кезінде полицейлерге қарсылық көрсетті

Маңғыстау облысында әйел адам ұстау кезінде полицейлерге қарсылық көрсетті

Оқиға 13 қыркүйекте Маңғыстау станциясының перронында болды. Маңғыстау облысының 35 жастағы тұрғыны мас күйінде қоғамдық орында болған.

Құқық бұзушыны полиция бөлмесіне жеткізу кезінде ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамай, қарсылық көрсетті.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес ұсталған азаматша «орташа дәрежедегі» алкогольдік масаң күйде болған.

Әйел адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) және 440-бабының 3-бөлігі (Aлкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кетейік, қоғамдық орындарда алкоголь ішкені үшін құқық бұзушы жыл басынан бері екінші рет жауапқа тартылуда.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін көлік полицейлері 32 000-нан астам құқық бұзушыны, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 3 283 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

  

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі