
Қостанай қаласының тұрғыны Г.К.Құрышпаева Нұр-Сұлтан қаласы темір жол вокзалының кассалық залының орындығында өзіне тиесілі ұялы телефонын ұмытып кеткені жайлы біліп полиция қызметкерлеріне жүгінеді. Ал сақшылар сол арада тез әрекет жасап азаматшаның телефонын уақытылы, ізін суытпай тауып иесіне қайтарды. Өз кезегінде Г.К.Құрышпаева Көліктегі ПД-нің бастығы полиция полковнигі Оңал Ботайұлы Бекеевке алғыс хат жазды. Кәсіби шеберлігі үшін, қиын жағдайда көмектескені, сондай-ақ халықпен ізгі ниетті қарым-қатынаста болғаны үшін полиция сержанты Ербас Нұрболатқа үлкен алғыс білдірді.
Телефон иесі қызметкерлер өз лауазымдық міндеттерін жедел, адал атқарғаны және жақсы құрылған жұмыс үшін өз ризашылығын айтып, сондай-ақ осындай жұмыс құқық қорғау органдарының беделі мен халықтың сенімін арттырады деп өзінің шынайы көңілін білдірді.
Нұр-Сұлтан ст. ЖПБ