
Нұр-Сұлтан қаласы темір жол вокзалындағы Желілік полиция бөлімшесіне елорда тұрғыны өзінің ішінде ақшасы бар әмияның жоғалтқаны жайлы шағымданып, өзінің арызданды. Кезекші бөлімнің жедел кезекшісі арызды қабылдаған соң полиция қызметкерлері әмиянды іздеуге кірісті. Қуанышқа орай, вокзал сақшысы, аға сержант Еламан Әбдіғалидың қырағылығының арқасында әмиян тез арада табылып, иесіне қайтарылды.
Әмиянның иесі Көліктегі полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Оңал Ботайұлы Бекеевке және ізін суытпай, қиын жағдайда қол ұшын берген темір жол сақшыларына өз алғысын білдірді.
Нұр-Сұлтан ст. ЖПБ