
2020 жылғы 7 сәуірде Қостанай станциясындағы ЖПб кезекші бөліміне Қостанай қаласы әуежайының маңында бір әйел баласымен көмек сұрағаны туралы хабарламасы келіп түскен.
Аталған хабарлама бойынша Желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі С.Т. Мурзамағамбетова және полиция сержанты Ибрагимов Рашат Рашитович көмек шығады.
Көмек сұраған әйелді баласымен дер кезінде Қостанай станциясындағы ғимарат маңынан тауып алған.
Көмек сұраған әйел, яғни О.В. Лобазованың айтуынша түстен кейін баласымен әуежайға дейін барып, бірақ қатты дауылды желдің тұруына байланысты барлық жолдар жабылып қалған. Бұдан соң, келген автобус жүргізушісі бағыты бойынша барудан бас тартқан. Олар автобустан шығып, далада қалуға мәжбүр болады. Ұзақ уақыт аялдамада тұрып қалған әйел баласымен тонып қалғанын айтып, 102 нөміріне қонырау шалып, көмек сұраған.
Аталған қоңырауды Көлік полицейлері назарға алып, қызметтік көлік көмегімен әйелді баласымен үйіне дейін жеткізіп салуға көмек етеді.
Бүгін, осы жағдайға байланысты Қостанай облысы Мичурино кентінде тұратын, 1976 жылы туылған Лобазова Ольга Викторовнадан Көліктегі ПД бастығы полиция полковнигі О.Б. Бекеевтің атына алғыс хат келіп түсті. Онда ол Қостанай қаласы әуежайындағы көлік полициясы қызметкерлеріне, атап айтқанда Уваисов Омар Русланұлына, полиция сержанты Ибрагимов Рашат Рашитовичке және С.Т. Мурзамағамбетоваға қиын сәтте көмекке келгені және өтінішке дереу үн қатқаны үшін үлкен алғысын білдірді.
Полицейлер өз кезегінде тек қызметтік міндеттері мен азаматтық борышын ғана орындағанын жеткізді.