
2020 жылғы 05 ақпанда түнгі сағат 2.30 шамасында Қостанай қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесіне Қостанай облысының ПД Жедел басқару орталығынан әуежай маңында адасып қалған белгісіз ер адамның бар екендігі туралы хабарлама келіп түскен. Қоңырау шалып, көмек сұраған азамат әуежай маңында тоңып, өзін жайсыз сезініп жатқандығынан хабардар еткен. Әуежайдың ұшу жолағының маңын ЖПб қызметкерлерінің жақсы білетіндіктен, автопатрульмен бірге іздеуге шығады.
Көмек сұраған азаматты тауып, жедел жәрдем шақыртып, дәрігер қарауынан кейін полицейлер оны үйіне апарып тастаған.
Кейін Қостанай полицейлеріне Симонов Николай Михайловичтен алғыс хат келіп түскен. Онда Көліктегі полиция департаменті Қостанай қаласы әуежайындағы ЖПб ППТ-ның полицейі полиция аға сержанты М.А. Дощановтың да көмек көрсеткенін атап өткен.
"Менің өміріме қауіпті және экстремалды жағдайда маған көмекке келгені үшін полиция қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіргім келеді", - деп өз алғысын білдірді Н. Симонов.