
Ағымдағы жылдың 11-ші қаңтарында полиция капитаны Айдар Оралбекұлы "Көкшетау-Нұр-Сұлтан" бағыты бойынша таксимен келген жолаушының соңғы модельдегі қымбат ұялы телефонын екі сағаттың ішінде тауып берді. Жолаушы таксиден түскен сәтте ұялы телефонын таксиде ұмытып кеткенін біліп, полиция қызметкері Айдар Оралбекұлына шағымданып, ұялы телефонын таксиде ұмытып кеткенін айтады. Нұр-Сұлтан ст. желелілік полиция басқармасы әкімшілік полиция қызметкері, полиция капитаны тез арада жолаушының көлігін анықтап, тауып, нәтижесінде ұялы телефон иесіне қайтарылды.
"Менің ұялы телефонымды тез арада іздеп, тауып беруге үлес қосқан Нұр-Сұлтан станциясындағы желілік полиция басқармасының полиция қызметкері полиция капитаны Айдар Оралбекұлына алғыс білдіргім келеді", - деді Көкшетау жоғары агротехникалық колледжінің студенті Нұрқайнар.
Полиция капитаны Айдардың қызметі мен тапқырлығына риза болған жолаушы әлеуметтік желі арқылы ризашылығын білдіргенді жөн көріпті. «Біз өзіміздің қызмет көрсету аумағымыздағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуда бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Бұл жолданған алғысты қызметімнің жемісі, әрі азаматтардың көлік сақшыларына сенімнің арта түскендігі деп бағалаймын», - деді қырағы полицей.