ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Қолдау көрсеткен сақшыларға алғыс

Жуырда Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері мен Есет Ешмағамбетовке алғысын айтып келген Ажимбетова Жанар жол бойында қиыншылыққа тап болған қиын сәттерін еске алып, көзіне еріксіз жас алды. Ол 20 қазанда Ресей Федерациясы Мәскеуге 300 мың айлығы бар жұмысқа жолға аттанады. Діттеген жеріне барған соң уәде етілген жұмысы болмай, басқа елде сан соғып қалады. Жол азабын тартып, қалайда Қазақстанға оралуға бел буады.

"Белгород қаласынан Ақтөбеге газельмен жеттім. Ақтөбе облысы аумағына өткен соң, Ақтөбе қаласының теміржол вокзалына келдім. Мұнда полиция бөлмесіне келіп, тәртіп сақшыларынан көмек сұрадым. Жол бойында қаражатым таусылды. Бірнеше күн тамақтанбадым" -дейді Жанар Ажимбетова.

"Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің басшысы Сарыбай Жанғалиұлы Сәрсеновке жолығып, бастан кешкен жағдайымды айттым. Ол қарамағындағы қызметкерлерге маған көмектесуін тапсырды. Полиция қызметкерлері мені тамақтандырып, жағдайымды жасады. Мен өз алғысымды полиция старшинасы Есет Ешмағамбетовке айтамын. Ол жылы шыраймен маған «апа барлығы жақсы болады, сіз өз еліңіщдесіз гой деп маған үйге оралуыма Нұрсұлтан қаласына өз қаражатынан жол жүру билетін алып берді.

Мен басқа елге жұмыс іздеп барып, жол бойында алданған адаммын. Арманым елге оралу болды, мен тәубеге келдім. Өз елімнен артық ештене жоқ екенін түсіндім. Мұндай қиын жағдайға түскен адамға қолдау білдірген Ақтөбелік көлік сақшыларына алғысымды айтамын" – дейді 48 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Жанар Ажимбетова.

Дата публикации
21 ноября 2019
Дата обновления
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
12 января 2021
Алғысым шексіз!!

Социальные медиа

Instagram
facebook
vk.com
twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы