Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ІІМ-нің 2025 жылғы 26 наурыздағы №218 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы шеңберінде (бұдан әрі – бұйрық) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарлайды.
Мақсат – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.
ІІМ бұйрығына сәйкес лауазымдарды атқаратын қызметкерлер Көліктегі полиция департаменті бастығының номенклатурасына жататын және жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Көліктегі ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына үлгіге сәйкес баянат және "Құжаттамашы" жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізім береді,баянаттарды қабылдау мерзімі 2026 жылғы 21 қаңтардан 2026 жылғы 27 қаңтарға дейін жалғасады.
Жоспардан тыс аттестаттауға қызметкерлер жіберілмейді:
1) басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін (ІІМ-нің 2020 жылғы 12 маусымдағы №463 бұйрығы).
Көліктегі ПД бастығының номенклатурасы үшін ең төменгі біліктілік талаптары:
- Көліктегі ПД аппаратына – C-SVО-7 санаты;
- Желілік полиция басқармалары және бөлімдеріне – C-SVО-7, C-SVR-5, C-SVR-7 санаты;
- Автошаруашылығына – C-SVО-7, C-SVR-5 санаты;
- Кинологиялық қызметі орталығына – C-SVО-7, C-SVR-5 санаты.
2) қолданыстағы тәртіптік жазалары бар;
3) оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатқан қызметкерлер.
Сұрақтар туындаған жағдайда Көліктегі полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына хабарласуға болады: каб. № 113,114, 116 анықтама телефондары 8 (7172) 71-59-50, 71-59-53, 71-59-71, 94-32-12, 94-22-47 электрондық мекенжайлар: azh.akhmetova@mvd.gov.kz, t.zhanaidarova@mvd.gov.kz, aziz.malikova@mvd.gov.kz .
Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.
ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы