Ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

Мемлекеттік органның көші-қон қызметі  бөлімшесі бастығының

бос лауазымына ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру


«Көліктегі полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға конкурс жариялайды (010000, Астана қаласы, Затаевич көшесі 18/1, 1 қабат, 112 кабинет, анықтамалар үшін телефондар: 8 (7172) 71-59-71, 8 (7172) 94-10-31), (press_dvdt@mail.ru)

 

Көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы: Көліктегі полиция департаменті Шу станциясындағы ЖПб – 1 бірлік (C-SVR-5 санаты), Көліктегі полиция департаменті Астана станциясындағы ЖПБ – 1 бірлік (C-SVR-5 санаты). Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 193854 тенгеден бастап.

 

Лауазымдық нұсқаулық: Бөлімшенің жұмысына басшылық етеді. ІІМ, КПД, және ЖПб басшылығының талаптарына сәйкес ЖПб басшылығының келісімімен бөлімшенің жұмысын жоспарлайды, бөлімшенің жұмысындағы басым бағыттарды анықтайды және жоғары тұрған органдармен қойылған міндеттерді іске асырады.

Жұмыс саласы бойынша мүдделлі мекемелермен, ұйымдармен, басқа да полиция қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастырады. Өз құзыреті шеңберінде  азаматтарды қабылдайды, құжаттарға қол қояды, іс жүргізумен айналысады. ІІМ Алқа шешімдерін, Ішкі істер министрінің және КПД КҚҚБ басшылығының тапсырмаларын орындау үшін ЖПб КҚҚб құзыреті шеңберінде нұсқаулар береді. ЖПб басшылығына ЖПб КҚҚб құрылымын және штатын жетілдіру туралы ұсыныстар енгізеді. Қарамағындағы қызметкерлердің  қызметтік және функционалдық  міндеттерін орындау кезіндегі заңдылыққа, сондай-ақ  әскери-қызметтік тәртіпке, жауынгерлік және қызметтік дайындықтың жай-күйіне жауап береді.

Өз кәсіби деңгейін және біліктілігін арттырумен айналысады. Ішкі жұмыс және қызметте болу тәртібін сақтайды, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлермен  олардың орындалуын қадағалайды. Қажет болған жағдайда белгіленген уақыттан тыс   кешкі уақытта, демалыс және мереке күндері ЖПб басшылығының нұсқауы бойынша қызметтік міндеттерді орындауға жұмылдырылады. ЖПб КҚҚб қызметкерлерінің таңдап, лауазымдарға орналастырады. Сеніп тапсырылған бөліністің жеке құрамы арасында тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Қарамағындағы қызметкерлермен және қызметшілермен тәртіппен заңдылықтың сақталуын қадағалайды.

  Құзыреттілігі: бастамашыл, коммуникативті, талдау жасай білетін, ұймдастырушылық қабілеті мол, стратегиялық ойлау қабілеті бар, лидер, әдепті, жұмыс сапасына және тұтынушыға бағдарланған, жемқорлыққа жол бермейді.

        Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

        Біліміне қойылатын талаптар: Заңтану, Халықаралық құқықтану, Құқық қорғау қызметі, мемлекеттік, ресми және шет тіліні білу, Халықаралық қатынастар, Саясаттану, Құқық және экономика негіздері бойынша жоғары білімдері болулары қажет.

        Еңбек өтіліне қойылатын талаптар: Құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметте немесе судья лауазымында үш жылдан кем емес еңбек өтілі.

        Біліміне қойылатын талаптар: осы санат бойынша қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білімі. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылары.

        Қосымша талаптар: Жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалу үшін жоспардан тыс немесе кезекті аттестаттаудан өтеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) № 671 бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған лауазымдарға конкурс өткізу туралы ережесінің қосымшасына сәйкес, өтініш нысан бойынша беріледі.

2) жұмыстың негізгі көрсеткіштерін  және нақты жетістіктерін көрсете отырып, қызметтік жұмыс нәтижелері көрсетілген қызметтік мінездеме (еркін түрде).

3) басшы құрам ішінен жазылған қызметкерлердің ұсынымдары (еркін түрде).

4) жоғарыда көрсетілген ереженің  9 қосымшасына сәйкес нысан бойынша ішкі істер органдары қызметкерінің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін бағалау парағы.

5)  ҚР ІІО кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру дайындығын жүргізетін қызметпен расталған қызметкердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру деңгейін жыл сайынтексерудің қорытындысы бойынша  анықтамасы (еркін түрде).

Құжаттарды толық түрде ұсынылмаса немесе жалған мәлімет ұсынылған жағдайда бұл конкурстық комиссияның құжаттарды қарамауына негіз болады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 5 жұмыс күн ішінде,  Ішкі конкурс жарияланғаннан кейін  келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Сұхбаттасуға жіберілген үміткерлер сұхбаттасу күні туралы конкурстық комиссия хатшысымен сұхбаттасу өткізілмей тұрып үш күн бұрын ескертіледі.

Хабарлама жіберу телефон арқылы, қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және мобильді байланыс телефондарына ақпаратты жолдау арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысушылар және үміткерлер конкурстық комиссия шешіміне уәкілетті органға немесе аумақтық бөлініске немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.

Қоса беріліп отырған нысанға сәйкес өтінішпен жүгіну қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының
ішкі істер органдарында жоғары
тұрған басшы лауазымдарға
конкурс өткізу қағидаларына
қосымшанысан

_____________________бастығы

(ішкі істер органының,

_____________________________

_____________________________

атағы, тегі, аты, әкесініңаты

 

Өтініш

     Маған _________________________________________________________

__________________________________________________________________ __________________________________________________________________

      бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға рұқсат беруді сұраймын.

     Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында бос лауазымды атқаруға конкурс өткізу шарттарымен және тәртібіментаныстым, келісемін және оларды  орындауға міндеттенемін.

     Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына жауапкершілік туралы ескертілдім.

 ______________________________________________________________ 

            (қолы)             (тегі, аты (әкесініңатыболғанжағдайда))

      Байланысдеректері:

Жұмыс және ұялы телефон нөмірі: ____________________________________

Электрондық мекенжайы_________________________________________________________

Тұрғылықты мекенжайы _____________________________________________

Жұмыс мекенжайы _________________________________________________

20 ___ жылғы "___" _________

Ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру
Дата публикации
08 сентября 2025