Мемлекеттік органның көші-қон қызметі бөлімшесі бастығының бос лауазымына ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

Мемлекеттік органның көші-қон қызметі  бөлімшесі бастығының

бос лауазымына ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру

«Көліктегі полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға конкурс жариялайды (010000, Нұр-Сұлтан қаласы,  Затаевич көшесі18/1, 1қабат, 113 кабинет, анықтамалар үшін телефондар: 8 (7172) 94-23-89, факс: 8 (7172) 94-27-80), press_dvdt@mail.ru)

Көліктегі полиция департаменті Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы  ЖПб көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы (C-SVR-5 санаты,                     1бірлік). Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 118 286,75 теңгеден бастап 126 781,31 тенгеге дейін.

Лауазымдық нұсқаулық: Бөлімшенің жұмысына басшылық етеді. ІІМ, КПД, және ЖПб басшылығының талаптарына сәйкес ЖПб басшылығының келісімімен бөлімшенің жұмысын жоспарлайды, бөлімшенің жұмысындағы басым бағыттарды анықтайды және жоғары тұрған органдармен қойылған міндеттерді іске асырады.

Жұмыс саласы бойынша мүдделлі мекемелермен, ұйымдармен, басқа да полиция қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастырады. Өз құзыреті шеңберінде  азаматтарды қабылдайды, құжаттарға қол қояды, іс жүргізумен айналысады. ІІМ Алқа шешімдерін, Ішкі істер министрінің және КПД КҚҚБ басшылығының тапсырмаларын орындау үшін ЖПб КҚҚб құзыреті шеңберінде нұсқаулар береді. ЖПб басшылығына ЖПб КҚҚб құрылымын және штатын жетілдіру туралы ұсыныстар енгізеді. Қарамағындағы қызметкерлердің  қызметтік және функционалдық  міндеттерін орындау кезіндегі заңдылыққа, сондай-ақ  әскери-қызметтік тәртіпке, жауынгерлік және қызметтік дайындықтың жай-күйіне жауап береді.

Өз кәсіби деңгейін және біліктілігін арттырумен айналысады. Ішкі жұмыс және қызметте болу тәртібін сақтайды, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлермен  олардың орындалуын қадағалайды. Қажет болған жағдайда белгіленген уақыттан тыс   кешкі уақытта, демалыс және мереке күндері ЖПб басшылығының нұсқауы бойынша қызметтік міндеттерді орындауға жұмылдырылады. ЖПб КҚҚб қызметкерлерінің таңдап, лауазымдарға орналастырады. Сеніп тапсырылған бөліністің жеке құрамы арасында тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Қарамағындағы қызметкерлермен және қызметшілермен тәртіппен заңдылықтың сақталуын қадағалайды.

  Құзыреттілігі:бастамашыл, коммуникативті, талдау жасай білетін, ұймдастырушылық қабілеті мол, стратегиялық ойлау қабілеті бар, лидер, әдепті, жұмыс сапасына және тұтынушыға бағдарланған, жемқорлыққа жол бермейді.

        Конкурсқақатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

        Біліміне қойылатын талаптар: Заңтану, Халықаралық құқықтану, Құқық қорғау қызметі, Есептеуіш  техникасыжәне бағдардламалық қамтамасыз ету, Шетел тілі: екі шетел тілі, Халықаралық қатынастар, Теология, Түркітану, Социология, Саясаттану,  Автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, Құқық және экономика негіздері бойынша жоғары білімдері болулары қажет.

 

        Еңбек өтіліне қойылатын талаптар: Құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметте немесе судья лауазымында екі жылдан кем емес еңбек өтілі.

        Білімінеқойылатын талаптар: осы санат бойынша қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білімі. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылары.

        Қосымша талаптар: Жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалу үшін кадр резервіне енгізілген қызметкерлер ішінен тағайындалады.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) № 671 бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған лауазымдарға конкурс өткізу туралы ережесінің қосымшасына сәйкес, өтініш нысан бойынша беріледі

2) жұмыстың негізгі көрсеткіштерін  және нақты жетістіктерін көрсете отырып, қызметтік жұмыс нәтижелері көрсетілген қызметтік мінездеме (еркін түрде).

3) басшы құрам ішінен жазылған қызметкерлердің ұсынымдары (еркін түрде).

4) Орындаушы лауазымындағы ішкі істер органдары қызметкерінің тиімділігін бағалау парағы немесе басшы  лауазымындағы ішкі істер органдары қызметкерінің тиімділігін  бағалау парағы, ,  №998 бұйрықпен бекітілген ҚР ІІО кәсіби құзыреттілігі, көрсеткіштері және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін анықтау ережесі және әдістерінің 7,8 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша.

5) жоғарыда көрсетілген ереженің  9 қосымшасына сәйкес нысан бойынша ішкі істер органдары қызметкерінің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін бағалау парағы.

6)  ҚР ІІО кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру дайындығын жүргізетін қызметпен расталған қызметкердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру деңгейін жыл сайын тексерудің қорытындысы бойынша  анықтамасы (еркін түрде).

 Құжаттарды толық түрде ұсынылмаса немесе жалған мәлімет ұсынған жағдайда бұл конкурстық комиссияның құжаттарды қарамауына негіз болады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 5 жұмыс күн ішінде,  Ішкі конкурс жарияланғаннан кейін  келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Сұхбаттасуға жіберілген үміткерлер сұхбаттасу күні туралы конкурстық комиссия хатшысымен сұхбаттасу өткізілмей тұрып үш күн бұрын ескертіледі.

Хабарлама жіберу телефон арқылы, қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және мобильді байланыс телефондарына ақпаратты жолдау арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысушылар және үміткерлер конкурстық комиссия шешіміне уәкілетті органға немесе аумақтық бөлініске немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.

Қоса беріліп отырған нысанға сәйкес өтінішпен жүгіну қажет.

Дата публикации
19 августа 2020