
Петропавл қаласының Полиция басқармасында болашақ тергеушілер, анықтаушылар мен сыртқы қызметтердің қызметкерлері команда құрудағы жаттығуларға қатысты.
Бүгінгі күні қалалық полиция басқармасында 70 жас қызметкер қызмет етеді. Семинар шеңберінде жас қызметкерлер алдында облыстық және қалалық полиция ведомствосының бірден төрт тәжірибелі инспектор-психологі сөз сөйледі. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, он шақты жаттығу өткізілді. Олардың мәні: команданы сапқа тұрғызу, хабарлай, таныса отыра міндеттерді тиімді орындау дағдыларын дамыту. Қатысушылар психологиялық тренингтің маңыздылығы мен уақтылы өткізілуін атап өтіп, тапсырмаларды ерекше қызығушылықпен орындады. Іс-шараның екінші бөлігінде болашақ офицерлерге сыбайлас жемқорлық тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаевтың айтуынша, 10 қыркүйек ҚР Ішкі істер министрлігі «Моральдық рух – табыс көзі» онкүндігін өткізу туралы жариялады. Қазір еліміз бойынша полицейлер психологиялық семинарлардан өтіп жатыр. Халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын бөліністердің жас қызметкерлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Психологтар мінез-құлық әдістерін, сондай-ақ эстремалды және дағдарыс жағдайы кезінде ішкі резервтерін шығаруға үйретеді. Сонымен қатар, психологтар жас қызметкерлерге коммуникативтік қасиеттерін және көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Онкүндік басталғаннан бері семинарға 400-ден астам солтүстікқазақстандық полицей қатысты. Қосымша қызметкерлер арасында «Менің өмірлік құндылықтарым» атты әлеуметтік сауалнама жүргізілуде, сауалнамадан 528 офицер мен сержант өтті.
СҚО ПД Кадр саясаты басқармасының аға инспектор-психологі полиция подполковнигі Айгүл Шоланова айтып кеткендей, материалды сапалы әрі түсінікті етіп жеткізу үшін психологтарға жауапкершілік, жоғары кәсібилік пен зор ізденіс қажет. Жыл бойы пандемияға қатысты шектеу шараларына байланысты инспектор-психологтар жеке құраммен онлайн-режимде жұмыс істейді. Дағдарыс кезіндегі қызметтердің жұмысына талдау жасалды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жұмысына халықтың сенімі тақырыбы да зерделенді. Онлайн-тестілеуден және сауалнамадан облыстық полицияның екі мыңға жуық қызметкері өтті.