
Есіл ауданында шамамен таңғы сағат 10-да жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде «Москвич» автокөлігінің 79 жастағы жүргізушісі мен оның әйелі қайтыс болды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Апат аудан орталығы Явленкаға кіреберістегі тасжолда болған. Анықтаудың алдын-ала болжамы бойынша «Москвич» автокөлігінің жүргізушісі маневр жасай отырып, қарсы бағытта келе жатқан «Volvo» ауыр жүк көлігіне жол бермеген. Нәтижесінде 3 көліктің соқтығысуы орын алған. Үшінші «ВАЗ 2106» көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Тағы бір жол-көлік оқиғасы Шал ақын ауданында болды, онда Ұзынжар ауылының маңында «УАЗ 452 А» мен «КамАЗ» көліктерінің соқтығысуы салдарынан екі жолаушы қаза тапты. «УАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.