
Солтүстік Қазақстан облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, оның шеңберінде полицейлер профилактикалық жұмысты жүргізіп қана қоймай, көмекке мұқтаж отбасыларға да қолдау көрсетуде.
Жуырда СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болып табылатын «Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы» РҚБ-ның Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалының өкілдерімен Петропавлдағы көп балалы отбасыға барып қайтты. Қайырымдылық бастамасы этномәдени бірлестіктің жетекшісі Убайдулло Раджабовтың қолдауымен іске асырылды.
Барлық төрт балаға – 4 және 7 сынып оқушыларына, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі қыз балаға жаңа спорттық киім және аяқ киім әкеліп берді. Бұдан бөлек, акцияны ұйымдастырушылар отбасын жемістермен қуантты.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, спортқа баулу – өскелең ұрпақтың бойында тәртіп пен жауапкершілікті тәрбиелеудің маңызды құрамдас бөлігі. Көп балалы отбасылар мен қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға көмек көрсету аймақтағы полиция мен қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.