СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы хабарлайды

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы хабарлайды

СҚО Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрестегі бағыттарының бірі – синтетикалық есірткілерді тарататын сайттардың граффити жазбаларын бояп жабу түрінде нашақорлықтың алдын алу. Мұндай жазбаларды полицейлер ПИК және еріктілердің көмегімен анықтайды.
8 айдың қорытындысы бойынша 326 граффити жазбалары боялды. Петропавл қаласы тұрғындарының бірі интернетті қолдана отырып синтетикалық психобелсенді заттарды насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс Петропавл қаласының сотымен қаралуда. Граффити жазбаларын салу фактілеріне жедел ден қою үшін СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы WhatsApp мессенджерінде +7-707-500-96-65 нөмірі арқылы чат құрды. Мұнда Петропавл қ. ПИК-нің барлық жетекшілері шақырылды.
Құрметті Петропавл қаласының тұрғындары! Сіздерді бұған бейжай қарамауға, өз күштеріңізбен есірткі сайттарының граффити жазбаларын бояуға, мүмкіндік болмаған жағдайда +7-707-500-96-65 «WhatsApp» нөміріне немесе СҚО ПД ЕҚҚІҚБ 39-41-93 сенім телефонына хабарлауға шақырамыз.