Жыл басынан СҚО Полиция департаменті бастығының атына 1344 өтініш келіп түсті

Жыл басынан СҚО Полиция департаменті бастығының атына 1344 өтініш келіп түсті

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті басшылығы азаматтарды жеке қабылдауды жалғастыруда. «Азаматтарды қабылдау» кезінде СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевқа, оның орынбасарларына алдын ала жазылу арқылы бейнеқоңырау режимінде сауал қоюға болады.

Соңғы жеке қабылдау барысында облыстық полиция басшысына екі сұрақ бойынша алты азамат жазылды. Қабылдау бір сағаттай болды. Әрқайсы тыңдалып, барлығына жауап берілді. СҚО ПД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара Қожантаеваның айтуынша жыл басынан облыстық полицияның қабылдауында 101 адам болған, оның ішіндегі 71 адамды облыстық полиция ведомствосының басшысы қабылдаса, 30 адам орынбасарларының қабылдауында болған. Көп жағдайда адамдар қылмыстық істерді тергеуге қатысты сұрақтар бойынша жүгінеді. Жүгінушілерге ыңғайлы болу үшін құзыретіне мәселені шешу жататын тергеу, анықтау, жергілікті полиция қызметі және тағы басқа қызметтердің басшылары қабылдауларға міндетті түрде қатысуда.

Сонымен қатар, 16 наурыздан бастап қауіпті індеттің таралуының алдын алу мақсатында департаментте, сондай-ақ облыстың аудандық полиция бөліністерінде де азаматтарды жеке қабылдау уақытша тоқтатылды. Дегенмен, азаматтардың өтініштерін «Электрондық үкімет» egov.kz, сондай-ақ хаттарға арналған жәшіктер мен пошта арқылы қабылдау жалғасын тапты. Жыл басынан СҚО ПД 1980 түрлі өтініштер, оның ішінде 1300-і бастықтың атына келіп түсті. Олардың әрбіреуіне белгіленген мерзімде білікті жауаптар дайындалды.

«Өтініштерді қарау, азаматтарды жеке қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру тұрақты бақылауда. СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевтың қабылдауына мына телефондар арқылы: 8 (7152) 39-40-20, 39-41-63 жазылуға болады, қабылдау күні – сәрсенбі. Қалалық және аудандық полиция бөліністері басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі өңір полициясының әкімшілік ғимараттарындағы фойеде орналастырылған. Сонымен қатар, СҚО ПД бастығы орынбасарларының байланыс телефондары мен қабылдау күндері бар ақпарат ведомствоның кіші порталында жарияланған», - дейді Динара Қожантаева. Полицияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында қойылған басымдылықтарға сәйкес осы жұмыс жалғаысып қана қоймай, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай барлық жүгінетін адамдарға атап кетуде.

 

СҚО ПД баспасөз қызметі