
Петропавлда облыстық әкімдік өкілдері, полиция қызметкерлері мен журналистер Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында кикбоксингтен өткен Әлем кубогынан оралған спортшыларды қарсы алды.
Ибрагим Беков пен Нұрсұлтан Жақыпов ҚР құрама командасының құрамында 86 кг. салмақ дәрежесінде «фул-контакт» бөлімінде өнер көрсетті. Полиция майоры Беков 2 кездесуде жеңіске жетіп, төрешілердің шешімімен үшінші орынға ие болды.
Оның әріптесі, полиция аға лейтенанты Жақыпов үш кездесуде сәтті өнер көрсетті. Соңғы финалдық жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Жылдам қимылдайтын арнайы жасақта қызмет атқару дене шынықтыру дайындығының жоғары болуын және жекпе-жек өнерін меңгеруді талап етеді. Үнемі жаттығып, спорттық машықтарын шыңдап тұратын қызметкерлер әлемдік деңгейдегі спорттық ареналарда айтарлықтай жетістіктерге жетуде.