
Көктемнің бірінші күні Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде криминалистикалық бөліністердің қызметкерлері марапатталды. Облыстық полиция ведомствосының бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Криминалистерді «погондағы ғалымдар» деп атайды, олардың әрқайсысы әр түрлі бағыттар бойынша тәжірибелі маман: саусақ іздері, баллистика, одорология, қолжазба. Сіздердің жұмыстарыңызда ұсақ-түйек нәрсе болмайды. Ғылым мен техниканың дамыған сайын сарапшылардың қылмыстарды ашудағы маңыздылығы артып келеді, өйткені дәлелдер базасының едәуір бөлігін криминалистер қалыптастырады», - деп атап өтті өзінің құттықтауында ведомство бастығы.
Бұл күні СҚО ПД жедел-криминалистикалық басқармасының тәжірибелі қызметкерлері Алена Бондаренко, Азамат Ыбыраев және Жанат Ахметжанов департаменттің грамоталарымен марапатталды. ЖКБ қызметкерлері Ниязбек Қожахметов пен Диана Коваливнич, сондай-ақ Петропавл қ. ПБ екінші бөлімінің аға криминалисі Амантай Сатанов алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, СҚО ПД бастығының бұйрығымен тағы тоғыз қызметкерге алғыс жарияланды.