
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің спорттық қоржынына жаңа күміс медаль қосылды. Оны ПД аппаратының қызметкері полиция майоры Ризабек Жаутай жеңіп алды, ол Қарағанды қаласында әуесқойлар арасында IMMAF MMA бойынша өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында сәтті өнер көрсетті.
Жарыс жасөспірімдер, 21 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар, сондай-ақ 21 жастан асқан қатысушылар арасында өтті. Ризабек 79,4 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол үш жекпе-жек өткізді, тағы бір жеңіс оған мерзімінен бұрын берілді. Ұпай санын есептей келе екінші орынға тұрақтады.
Полиция майоры Жаутай – СҚО полицейлері арасындағы болашағынан зор үміт күттіретін талантты спортшылардың бірі. Ол армиялық қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері, спорттық қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберіне үміткер және грек-рим күресінен спорт шеберіне үміткер.