
СҚО полицейлері «Есірткіге жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
ЖПІШ барысында түнгі клубтар, жалдамалы пәтерлер және есірткі притондары болуы ықтимал орындар тексерілді. Қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен пошта жөнелтілімдері және «Оңтүстік» бақылау-өткізу бекетінде автокөліктерді тексерді. Әсіресе, жүк көліктерінің жүргізушілері мен қала арасында қатынайтын таксилерге ерекше назар аударылды.
Тәртіп сақшылары адамдарға жадынамалар, «Петропавл – есірткісіз қала» жапсырмаларын таратты. Сондай-ақ, есірткі өткізу және қолдану, есірткі жарнамасын тарату фактілері туралы полицияға «102» мобильді қосымшасы, 8 (7152) 39-41-93 телефоны, 8-707-500-96-65 ұялы телефоны WhatsApp және «102» арнасы арқылы хабарлауға болатынын еске салды.
ЖПІШ барысында полицейлер 12 қылмыстық құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде 2 өткізу фактісі, заңсыз айналымнан 1 кг 581 гр есірткі құралдары тәркіленді, оның ішінде 1 кг 95 гр синтетикалық есірткі.