
Апаттылықты азайту және жол жүрісі қағидалары бұзушылықтарының алдын алу мақсатында 18 және 21 ақпан аралығында республика аумағында "Қауіпсіз жол" ЖПІШ өткізілуде. Іс-шара шеңберінде патрульдеу күшейтілді, жол ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтау үшін "Қорғау" жүйесі, сондай-ақ бұзушылықтарды тіркеудің мобильдік кешендері қолданылуда.
Апаттық-қауіпті учаскелерге және қала сыртындағы жолдарға баса назар аударылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өздеріңізді және жол жүрісі қағидаларын сақтаңыздар!