Аудан орталығында тұратын отбасы полицейлерге көмектері үшін алғысын айтты

Аудан орталығында тұратын отбасы полицейлерге көмектері үшін алғысын айтты

Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылындағы WhatsApp-чаттардың бірінде тұрғындар полицейлерге алғыстарын білдірді: «Осы группа арқылы полиция қызметкерлері Шаимов пен Омаровқа алғысымызды айтамыз. Түнде жолда келе жатып көлігімізден ақау шықты. Жанымызда балалар болды. Көшенің ортасында тұрып қалдық, жаурадық. Қуанышқа орай, полиция келіп, көлігімізді үйімізге сүйреп жеткізді».

СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Әділ Шәйімов пен Ержан Омаров аудан орталығын патрульдеу барысында түнгі сағат 01:00 шамасында көше қиылысында авариялық жарық сигналдарын қосып тоқтап тұрған «Lada Kalina» автокөлігін көрді. Көлік салонында кішкентай екі баласы бар отбасы болған. Тәртіп сақшылары ауылдықтардың тіркеп алып, үйлеріне жеткізді.