
1 ақпаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтекізілуде. Табиғатты қорғау полицейлері қорықшылармен және шаруашылықтармен бірлесіп күшейтілген режимде орман және аңшылық шаруашылықтарында, су айдындарында рейдтік шаралар жүргізіп жатыр.
СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының құрамындағы табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Асхат Қожабаевтың айтуынша, іс-шараның алғашқы аптасында тәртіп сақшылары аң аулау ережелерінің 88 бұзушылығын анықтаған. Ең жиі кездесетін бұзушылық — түлкілер мен қояндарға тұзақ қою, бұған заңмен тыйым салынған.
Қыс мезгілінде балық аулауды ұнататындар мұз үстіне мас күйде шығады немесе балық аулау кезінде спирттік ішімдіктер ішіп отырады, аулауға рұқсат беретін жол жол қағазынсыз келеді, көлдерді жалға алушылардың кейберуі көлдерінде «жерлица» аталып кеткен құралды орнатуға тыйым салады, мұны да бұзатындар жоқ емес. Мұның барлығы балық аулау ережелерін бұзуға жатады. Полицейлер осындай 23 фактіні анықтады. Сондай-ақ қаруды сақтау және тасымалдау ережелерін бұзудың 9 фактісі анықталды.
Тәртіп сақшылары бүгінгі күні облыста аша тұяқты жабайы жануарларды аулауға тыйым салынғанын еске салады.