
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы" № 306 қаулысын іске асыру шеңберінде Петропавл қаласында 28 тамыздан бастап 2-ші Первомайская көшесі, 9 мекенжайы бойынша ("Уют" дүкені ауданы) орналасқан «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» СҚО филиалының сынақ орталығы жұмыс істей бастағанын хабарлайды.
Осыған байланысты басқару органдары өзгертілген көлік құралдарының иелері Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерге арналған көлік құралының қауіпсіздігі туралы хаттаманы алуына болады. Ол үшін аталған мекемеге «WhatsApp» мессенджерінде +7 700 770 48 97 номері бойынша алдын ала жазылу арқылы жүгіну қажет.
Тіркеу мерзімінің аяқталуына аз уақыт қалғандықтан аталмыш жұмыстар тамыздың 30-ы күні де жүргізіледі.