Заң мен борышына адалдық: СҚО полицейлерінің офицерлік құрамы толды

Заң мен борышына адалдық: СҚО полицейлерінің офицерлік құрамы толды

Солтүстік Қазақстан облысының бес жас полиция қызметкері салтанатты түрде офицерлік шендерін алды. Полиция лейтенанттары, олардың біреуі қыз бала, жылдам қимылдайтын арнайы жасақты, штаб қызметін, учаскелік полиция инспекторларының, сондай-ақ Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қатарын толықтырды.

«Сіздер офицерлік шеңдеріңізді алдыңыздар, мемлекеттің маңызды қағидаты «Заң мен тәртіпті» қорғайтын полицейлердің қатарын толықтырдыңыздар. Әр қызметкер өзінің қызметтік міндеттерін адал және абыроймен орындауға міндетті. Адам, оның құқықтары мен бостандықтары және өмірінен артық құндылық жоқ», - деп атап кетті өз сөзінде СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов.

Сондай-ақ бірқатар полиция қызметкеріне кезекті арнайы аға және орта басшы құрамның шендері берілді. «Полиция полковнигі» атағын осы күні аймақтың тергеу қызметінің тәжірибелі қызметкерлерінің бірі СҚО ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Сергей Коняхин алды.