Полицейлер солтүстікқазақстандықтың минивэнінен 100 литрден астам заңсыз алкогольді анықтады

Полицейлер солтүстікқазақстандықтың минивэнінен 100 литрден астам заңсыз алкогольді анықтады

Ақжар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында 39 жастағы солтүстікқазақстандық жүргізіп келе жатқан «Mazda» минивэнін тоқтатты. Сырттай көз жүгірткен тәртіп сақшылары көлік салонында 5 литрлік пластикалық ыдыстарды және шыны бөтелкелер салынған картон қораптарды байқап қалды.

Тексеру көрсеткендей, ер адам құрамында алкоголь бар акциздік маркалары жоқ өнімдерді тасымалдаған. Полицейлер көліктен барлығы 105 литр заңсыз алкоголь тәркіледі. Жүргізуші тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алкогольдің заңсыз таралуымен күрес – «Заң және тәртіп» қағидатын іске асырудың және мас күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қаңтар айында СҚО полицейлері барлығы 1145,5 литр акцизсіз алкоголь тәркіледі.