Полицейлер тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар арасынан заңсыз еңбек мигранттарын анықтады

Полицейлер тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар арасынан заңсыз еңбек мигранттарын анықтады

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел қызметкерлері тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдардың жүретін жерлеріне жаппай тексеріс жүргізді. Жұмыс хабар-ошарсыз кеткендер мен іздеудегі қылмыскерлерді іздеу аясында өткізілді.

Рейд тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдардың жиі жүретін, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонынан басталды. Сондай-ақ вокзал маңы, ірі базарлардың айналасы, жылу құбырлары және олардың жүруі мүмкін деген басқа да орындар тексерілді.

СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер Петропавл қаласы полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына 80-нен астам адамды жеткізді. Олардың барлығы дактилоскопиядан өтіп, фото-бейнетіркеуге алынды. Үш үй-күйсіз азаматтың жеке басын анықтау үшін олар қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Сондай-ақ полицейлер тексеріс барысында сәйкес рұқсат құжатынсыз «Алтын арман» базарында жұмыс істеп жүрген орта азия елдерінің бірінің 5 азаматын анықтады. Олар бойынша шешім қабылдау үшін материалдар көші-қон қызметіне жолданды.