
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов 70 кг. салмақ дәрежесінде бокстан Азия чемпионы атанған Наталья Богданованы жеңісімен құттықтады.
Наталья Богданова – 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мүшесі.
Полиция генерал-майоры Қабдұлдинов пен құрметті ардагер-динамошы, қазақ күресінен Қазақ КСР спорт шебері Бауыржан Ниязов спортшыға жаңа жетістіктер тіледі. «Динамо» ДШСҚ көптеген полиция қызметкерлерін біріктіреді. Спорт оларға дене шынықтыру дайындығын сақтауға көмектеседі, командалық рухқа тәрбиелейді, еңбек ұжымдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуалға ықпал етеді.