СҚО-да полицейлер 10 күнде марихуана өсірген бес «фитозертхананы» анықтады

СҚО-да полицейлер 10 күнде марихуана өсірген бес «фитозертхананы» анықтады

СҚО-да полицейлер «есірткі фитозертханаларын» анықтау жөніндегі жұмыстарды күшейтті. 10 күн ішінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз егіп-өсірді деген күдікпен Петропавл қаласының 27 мен 47 жас аралығындағы бес тұрғыны анықталды. Олардың барлығын облыстық полиция департаменті құрамындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыс үстінде ұстады.

СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиевтің хабарлауынша, тексеру кезінде олардың үйлерінен жарықтандыру құрылғылары және басқа да қажетті құрал-жабдықтар, тұқымдар мен қарасора түптері табылды. Барлығы полицейлер 22 түп қарасора және 265 грамға жуық «марихуана» мен «гашиш» есірткі заттарын тәркілеп алды. Тергеу жүріп жатыр.

Полицейлер есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі мақсатты жұмыстар "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асырудың маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.