Полицейлер жол жүрісі қағидалары туралы фотосессияға қатысып қауіпсіздікті сақтауға шақырды

Полицейлер жол жүрісі қағидалары туралы фотосессияға қатысып қауіпсіздікті сақтауға шақырды

Петропавлда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған әлеуметтік фотосессияға қатысты. Патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Бахтияр Досжанов балабақшаның 5 жасар тәрбиеленушісі Ерасыл Әлкеновпен бірге қаланың қозғалыс көп көше қиылыстарына барып, жаяу жүргіншілер өткелдерімен жүріп өтті, жол бойы Петропавл билбордтарын безендіретін тақырыптық фотосуреттерге түсіп қайтты.

Суреттер мейірімді әрі шынайы болып шықты. Қазіргі уақытта оларды дизайнерлер арнайы бағдарламалармен әрлеуде, жақын арада қала көшелерінде пайда болады. Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақыратын қысқаша тезистер түсірілген кадрлармен бірге азаматтардың назарын барынша аударады деп жоспарлануда.

2024 жылдың 12 айында Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында балалардың қатысуымен 133 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Осы апаттардың салдарынан 4 бала қаза тауып, тағы 160 бала жарақаттар алды. Жалпы, өткен жылы өңірде 551 жол апаты орын алып, 42 адам қаза тапты, 733 адам жарақаттанды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді және тұрақты бақылауда.