Жолдағы көмек

Жолдағы көмек

Кеше СҚО жолдарында белгісіз себептермен тоқтап қалған екі жеңіл автокөліктің жүргізушілеріне ПД патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің көмегі қажет болды.

ППБ командирі полиция майоры Руслан Кучумовтың айтуынша, «Астана — Петропавл» автожолының 413 шақырымында қарт ауыл тұрғынына тәртіп сақшылары эвакуаторды табуға көмектескен. Ал Ақжар ауданының аумағында полицейлер бір отбасыға көмек көрсетті: олар жүргізушінің жұбайы мен балаларын қызметтік көлікке отырғызып, ақау шыққан көлікті Дәуіт ауылына сүйреп жеткізді.

Сол күні Келлеровка ауылының маңында жол үстінде 9 күн тұрып қалған Қырғызстан азаматы сапарын жалғастыра алды. Ол Ресей Федерациясынан мысықтар мен иттерге арналған азық-түлік тасымалдап келе жатқан. 22 қаңтарға қараған түні оның фурасында жанармай қатып қалған. «Астана-Петропавл» автожолында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік полиция батальонының 5-ші взводының қызметкерлері жүк көлігін жылытуға арналған қажетті жабдықты табуға көмектесті, алайда стартерде де ақау пайда болыпты.

Тәртіп сақшылары жол үстіне ескерту белгілерін қойып, жүргізушіні Келлеровка ауылындағы хостелге жеткізді. Жүк көлігі жол-пайдалану учаскесінің жылы боксына қойылды. Жүргізуші қосалқы бөлшектердің жеткізілгенін күтіп, фура жөнделіп жатқан уақытта, 5-ші взвод оқиға орнында жол қауіпсіздігін және жүктің сақталуын бақылады. Жүргізуші полицейлер мен жол-пайдалану учаскесінің қызметкерлеріне көмектері үшін шын жүректен алғысын айтты.