
Полицейлер Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтарына жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты бұрын полицияның архивінде сақталған қылмыстық істер 2023 жылы сақтауды орталықтандыру мақсатында ҚР Президентінің Мұрағатына (Алматы қ., Достық даңғылы, 87Б) берілгенін еске салады.
Жаппай қуғын-сүргін құрбандарының туыстары ақтау туралы анықтама алу үшін прокуратура органдарына жүгінуі қажет.
Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ақпараттандыру және байланыс басқармасының Арнайы мемлекеттік архиві мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетеді: ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты архивтік анықтамалар, үзінділер мен құжаттардың көшірмелерін беру, сондай-ақ ПД-ның арнайы мемлекеттік архивінен шығатын құжаттарды апостильдеу. Өткен жылы архив қызметкерлері 474 мемлекеттік қызмет көрсетті.