
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті аппаратының қызметкерлері жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бөлінісі ұйымдастырған оқыту семинарына қатысты. Дәрісті СҚО ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының келіссөз жүргізуші-психологы полиция майоры Қайрат Базарбаев өткізді.
Ол қатысушыларды экстермистік діни ағымдардың тарихымен таныстырды, экстермизм мен терроризмнің туындауының және секталардың құрылуының әлеуметтік-психологиялық себептері туралы айтты.
Ведомствоның барлық негізі бөліністері мен қызметтерінен жиналған, семинарға қатысушылар айтылған тақырыптарды ғана талқылап қоймай, сонымен қатар халықпен жұмыстың әлеуметтік-психологиялық аспектілерін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелерді қарастырды.
Психологтардың айтуынша, бұл жұмыс терроризмге қарсы қызмет желісі бойынша біліктілікті арттырумен қатар — полиция ведомствосының жұмысын ұйымдастырудың маңызды бөлігі болып табылады. Алдағы уақытта осындай семинарларды аумақтық бөліністерде өткізу жоспарлануда.