
24 және 26 қаңтар аралығында аралас қоян-қолтық ұрыстан (ММА) Қостанай қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында солтүстікқазақстандық спортшылар 2-ші орынды иеленді. Спорттық додаға еліміздің барлық аймақтарынан 300-ге жуық қатысушы жиналды.
Команданың жетістігіне екі полиция қызметкері – полиция капитаны Айбат Қарбаев пен полиция аға лейтенанты Айдархан Қайруллин де өз үлестерін қосты.
Олар СҚО «Sunqar» аралас жекпе-жек федерациясы құрамасының құрамында өнер көрсетті, оның жаттықтырушысы және өкілі облыстық полиция департаменті арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының инспекторы полиция аға лейтенанты Марлен Баранбаев болып табылады.
Айбат 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, Айдархан 75 келіден жоғары абсолюттік санатта үш жекпе-жектің екеуінде сенімді жеңіске жетті.
СҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов погондағы спортшыларды байрақты бәсекеде сәтті өнер көрсеткендері үшін құттықтап, жаңа жеңістер тіледі.