Мопедтерді бақылауға алу: СҚО-да алғашқы мопед тіркелді

Мопедтерді бақылауға алу: СҚО-да алғашқы мопед тіркелді

Мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны – республика көлеміндегі проблема болып табылады. Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылы мопедтерді қағып кетудің – 8, ал олардың кінәсінен 16 жол-көлік оқиғасы тіркелді, нәтижесінде 20 адам жарақаттар алды. Айта кету қажет, мопедтердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендердің 13-і – кәмелетке толмағандар.

Полицейлер еске салады: алаңдатарлық статистиканы төмендету үшін заңнамадағы түзетулер 2025 жылғы 5 сәуірден бастап күшіне енеді. Өзгерістерге сәйкес, мопедтерді тек тіркеуден өткеннен кейін және А1, А санатындағы жүргізуші куәлігі болған кезде ғана пайдалануға рұқсат беріледі.

СҚО-да полицейлер алғашқы мемлекеттік нөмірді М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаево қаласының 35 жастағы тұрғынына берді. Ол «Tank» маркалы мопедін тіркеу үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінді.

Полицейлер көлік иелерінен мопедтерді тіркеуді соңғы күндерге қалдырмауды, қажет болған жағдайда — автомектепте уақтылы қажетті білімді меңгеріп, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігін алуды сұрайды.

Мопедтерді тіркеу үшін Петропавл қ., Нефтепроводная к-сі, 7 мекенжайы бойынша Мамандандырылған ХҚКО-ға жүгіну қажет. Ал қажетті кеңесті жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ға дейін 8 (7152) 32-00-19, 8 (7152) 32-00-22 телефондарына хабарласып алуға болады. Басқа да қажетті ақпаратты облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарынан табуға болады.