
Көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану – ең көп тараған бұзушылықтардың бірі. Жүргізушілер қозғалыс кезінде сөйлеседі, көшелердің қиылыстарында бағдаршамның жүруге рұқсат беретін жасыл сигналын күтіп тұрғанда әлеуметтік желілерді қарап отырады, тіпті қозғалар кезде көздерін телефоннан алмайды.
Қаңтар айының бір күнінде Астана мен Интернациональная көшелерінің қиылысында (Петропавлдағы қозғалысы көп көше қиылыстарының бірі) полицейлер бейнекамералар арқылы 12 минут ішінде осындай үш бұзушылықты анықтады. Жүргізушілер алысқа ұзамай бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, шамамен әрбір бесінші жол-көлік оқиғасы көше қиылыстарынан өту ережелерін бұзғандықтан орын алады. Сондықтан мұндай учаскелерде мұқият болған дұрыс. Көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану да апаттылыққа тікелей әсер етеді.
Полицейлер осындай құқық бұзушылықтарды заманауи техникалық құралдармен анықтауды алдағы уақытта да жалғастыратын болады. Құқық бұзушыларды дереу жауапқа тарту — «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілетудің маңызды құрамдас бөлігі. Өткен жылы СҚО-да көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану деректері бойынша полицейлер 2921 хаттама толтырды.