
Петропавл қаласының 60 жастағы тұрғыны алғаш рет қазақстандық құжаттарын алды. Бұған дейін ол құжаттарды тек 1986 жылы алған.
Әйел Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлеріне жүгінді. Полицейлер оның Қазақстан Республикасының азаматы екенін анықтау үшін бірқатар процедуралар өткізді. Бүгінгі таңда қала тұрғыны жеке куәлігін қолына алды, енді ол ҚР азаматтарының барлық құқықтарын еркін пайдалана алады.
Өткен жылы СҚО-да полиция қызметкерлері 37 азаматтың ҚР азаматтығына жататындығын анықтап, оларды құжаттандырды.