
Қаңтардың 16-сы сағат 08:15 шамасында Петропавл қ. ПБ екінші полиция бөлімінің кезекші бөліміне «Жастар» стадионында өрт болып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Хабарлама бойынша футбол корты мен гараж өртке оранған.
Оқиға орнына 20-ға жуық полиция қызметкері мен 5 автопатруль жіберілді, сондай-ақ полиция басшылығы барды.
Кезекші бөлімнің хабарламасы бойынша, эвакуация қажет болмады. Полиция күштері қоршауға алуды және жол қауіпсіздігі мен өрт сөндіру арнайы техникасының 10 бірлігіне кедергісіз өтуді қамтамасыз етті.
Қоғамдық тәртіпті бұзушылық тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта өрттің сөндірілгені туралы хабарлануда.