
СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Челябі – Новосібір» автожолын патрульдеу кезінде жол жиегінде авариялық жарық сигналдарын қосып тұрған «Kia» автокөлігін байқады. Көлікте екі әйел отырған – Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық мектептерінің бірінің директоры және оқытушысы. Көліктің дөңгелегінің желі шығып кеткендіктен тоқтауға мәжбүр болыпты. Полицейлер қосалқы дөңгелекті салуға көмектесті, ал мұғалімдер сапарларын жалғастырды. Олар мектеп олимпиадасына асығып бара жатыр екен.
Қаңтар айының басынан бастап тәртіп сақшылары СҚО жолдарында жүргізушілерге бірнеше рет көмек көрсетті: жанар-жағармайы таусылған шетелдік маркалды көлікті сүйреді, аккумуляторы отырған көлікті оталдыруға көмектесті. Ал «Жезқазған – Петропавл» тас жолының 800-ші шақырымында «Audi» автокөлігі қарлы боранның салдарынан жолдан шығып кеткен. Тәртіп сақшылары жеңіл автокөлікті жол үстіне шығару үшін өтіп бара жатқан «КамАЗ»-дың жүргізушісін көмектесуге шақырады.
Полицейлер Солтүстік Қазақстан облысында қысқы жолдарда көлік жүргізу кезінде өте мұқият болуды еске салады. Алыс жолға шықпас бұрын көлік құралының техникалық жарамдылығына көз жеткізіп, қажетті құралдар мен жылы киімдерді салып алған жөн. Ұялы телефонды қуаттап алған абзал. Сондай-ақ тәртіп сақшылары ауа-райы болжамдары мен шұғыл қызметтердің жолдарды жабу туралы хабарламаларын бақылап отыруға кеңес береді. Қозғалыс кезінде жол жүрісі қағидаларының барлық талаптарын қатаң сақтау қажет.