Петропавлда мерекелік демалыс күндері «102» арнасына 1800-ден астам қоңырау түсті

Петропавлда мерекелік демалыс күндері «102» арнасына 1800-ден астам қоңырау түсті

Петропавлда өткен мерекелік демалыстарды полицейлер тыныш деп бағалады. Дегенмен, мереке күндеріне тән оқиғаларсыз болмады. 31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін тыныштықты бұзу бойынша 31 шақырту тіркелді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары отбасылық жанжалдар мен тәртіпсіздіктерге қатысты 62 қоңырауға жауап берді.

Жалпы, 5 күн ішінде «102» жедел арнасына 1880 қоңырау түсті. Мүлікті ұрлаудың 7 және алаяқтықтың 7 фактісі тіркелді.

Петропавл қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары күшейтілген режимде жұмыс істеді. Олар мереке күндері 181 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Олардың екі үштен бірі, яғни 124 фактісі – жол қозғалысы ережелерін бұзу.Айта кетейік, ұзақ демалыс күндері қала көшелерінде 38 түрлі оқиға тіркелген. Полицейлер ауа райының құбылмалы жағдайына байланысты жүргізушілерді ерекше сақ болуға шақырады.