ПД басшылығы Петропавл қ. ПБ ЖБО кезекші ауысымын Жаңа жылмен құттықтады

ПД басшылығы Петропавл қ. ПБ ЖБО кезекші ауысымын Жаңа жылмен құттықтады

2024 жылғы 31 желтоқсан күні кешкісін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы мерекелік түнде тәуліктік кезекшілікке түскен Петропавл қ. ПБ жедел басқару орталығының кезекші ауысымын Жаңа жылмен құттықтады.

Полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов жыл бойы атқарылған жұмысқа жауаптылық және жоғары кәсібилік үшін жеке құрамға алғысын білдірді.

"Сіздерге мереке күндері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Осы жаңа жыл баршамызға үлкен жетістіктер әкелсін, ал отбасыларыңыз сіздерді қызметтен әрқашан қуанышпен және мақтанышпен қарсы алсын", - деп атап өңірдің бас полицейі.