
Қысқы демалыстың басында полиция қызметкерлері балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз жүріс-тұрысының негізгі ережелерін еске салады.
Маңызды мәселелердің бірі – жол қауіпсіздігі. Балаларға жолдың жанында ойнауға, рұқсат етілмеген жерде жолды кесіп өтуге болмайтындығы туралы тағы бір мәрте айтқан абзал.
Көптеген жасөспірімдер бастарындағы башлықты көтермей, құлаққапты шешпестен жолды кесіп өтеді. Бұл қауіпті, себебі жолда кенеттен оқыс жағдай туындай қалса, бірден шешім қабылдай алмауы мүмкін.
Жүргізушілер балаларды қараңғы түскенде оңай көруі үшін олардың киімдеріне жарық шағылыстыратын элементтерді бекіткен дұрыс.
Балаларды жалғыз серуендемеуге, әсіресе қараңғыда және қауіпті жерлермен жүрмеуге, бейтаныс адамдармен сөйлеспеуге үйретіңіздер. Естеріңізде болсын, кәмелетке толмағандар үйге сағат 23:00-ден кешікпей оралуы керек.
Демалыс кезінде сіздің балаларыңыз қайда және кіммен бара алатындығы туралы нақты ережелер мен талаптарды айтқан маңызды. Олар сізге өз жоспарлары туралы міндетті түрде хабарлауы керек.
Ең бастысы – балаларыңызға үлгі болыңыздар, олар сіздерге қарап өседі, өзіңіз қоятын талаптарға сай болыңыз.