Полицейлер Жаңа жыл қарсаңында қайырымдылық жасады

Полицейлер Жаңа жыл қарсаңында қайырымдылық жасады

Көптеген мамандықтардың өкілдері үшін жаңа жылды игі істермен қарсы алу жақсы дәстүрге айналған. Қайырымдылық істерінен полицейлер де қалыс қалмайды. Олар күнделікті қызмет барысында әр түрлі адамдармен жұмыс істейді. Полиция қызметкерлерінің игі істері жайлы барлығы бірдей біле бермейді. Кейде әріптестері жолдастарының әрекеттері туралы әлеуметтік желілердегі жазбалардан немесе алғыс хаттардан кездейсоқ біліп жатады.

Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық полиция, әкімшілік полиция ардагерлері Полудино ауылындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне үнемі қолдау көрсетіп отырады.

Жаңа жыл қарсаңында аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Асан Мейрамов бастаған полиция қызметкерлері балаларға барды. Оларды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін айтты. Балалар да қарап қалмады, шығармашылық қабілеттерін ортаға салып, ән мен биден шашу шашты.