Полиция подполковнигі Максим Чернявский Жаңа жыл түнінде СҚО бойынша жедел кезекші болып қызметке түседі

Полиция подполковнигі Максим Чернявский Жаңа жыл түнінде СҚО бойынша жедел кезекші болып қызметке түседі

Бұл жауапты лауазымға тек ең тәжірибелі полиция қызметкерлері тағайындалады. Олар полицияның барлық кезекші бөлімдерінің жұмысын қадағалайды, ПД мен ІІМ басшылығына құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы хабарлайды, дағдарыстық жағдайлар туындағанда жауапты шешімдер қабылдайды.

Максим ішкі істер органдарында 2002 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Полиция департаменті штабының жедел кезекшісі лауазымынын атқарып жүргеніне 15 жыл болды. Бұған дейін ол учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеген, сондықтан полиция қызметінің барлық қыр-сырын, ерекшеліктерін жақсы біледі. Ол екі тәулік сайын ауысымға шығып отырады. Жаңа жылды жұмыс орнында осымен сегізінші рет қарсы алады.

«Адамдар жаппай жиналатын мерекелер кезінде тапжылмай отырып жұмыс істейміз. Өкінішке орай, адамдардың кейбірі мерекелік отырыстарды алкогольсіз өткізбейді. Алкоголь бар жерде міндетті түрде дау-жанжал, төбелес болады, біреулер мас күйде көлік жүргізуі мүмкін. Сондықтан бізге көп міндет жүктеледі», - дейді ол.

Максимнің айтуынша, жұмыс күндері полицейлер тәулігіне орташа есеппен 120-дан 180-ге дейін қоңырау қабылдайды. Тәжірибелі полицейдің ойынша, мереке түнінде олардың саны көп болатыны сөзсіз, ал алкоголь болмаса, бұл жаңа жылдың ең тыныш түні болар еді.

«Барлық солтүстікқазақстандықтарға тыныш, қауіпсіз және қуанышты мереке тілеймін. Әр құқық бұзушылық үшін жауапакершілік бар екенін естен шығармай, айналаңыздағы адамдарға құрметпен қараңыздар. Жаңа жыл түнінде кезекшілікте болатын өзімнің әріптестеріме және барлық қызметтердің қызметкерлеріне жұмыстарының тыныш өтуін тілеймін», — дейді Максим.