Полицейлер пиротехникалық бұйымдарды қолданғанда абай болуды ескертеді

Полицейлер пиротехникалық бұйымдарды қолданғанда абай болуды ескертеді

Тәртіп сақшылары пиротехникалық бұйымдармен қауіпсіз жұмыс істеудің негізгі ережелерін еске салады.

Ең бастысы, пиротехника балалардың қолында болмауы керек! Егер сіз балаларды қызықты отшашумен қуантқыңыз келсе, оларға нұсқаулықтар мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек екенін түсіндіріңіз.

Есіңізде болсын, қоғамдық тәртіп пен басқалардың тыныштығы бұзылған жағдайда пиротехниканы пайдаланғаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Егер құқық бұзушылықты 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған бала жасаса, ата-аналарға айыппұл салынады.

Пиротехниканы тек мамандандырылған дүкендерден және ресми дистрибьюторлардан сатып алу керек. Көшедегі сатушылардан, рұқсат етілмеген базарлардан сатып алудан аулақ болыңыз. Бұл жерлерде өнімдердің қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бермейді.

Қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.

Отшашуларды атпас бұрын жанғыш заттардан алыс қауіпсіз жерлерді таңдаңыз.

Тамашалаушылар мен отшашудың арасында қауіпсіз арақашықтықты қамтамасыз етіңіз.

Желді күні пиротехниканы қолданбаңыз; сондай-ақ отшашуларды көлбеу етіп қоймаңыз – бұл жарақат және мүлікке зақым келтіруі мүмкін.

Пиротехниканың үстінен еңкейіп қарамаңыз.

Атылмай қалған пиротехниканы қайта жандыруға тырыспаңыз, бұл өте қауіпті болуы мүмкін.

Пиротехникалық өнімді ешқашан қайта оқтауға немесе пішінін өзгертуге тырыспаңыз.

Айналаңыздағы адамдарға құрметпен қараңыз.

Көршілердің тыныштығын бұзбау үшін пиротехниканы пайдалану уақыты мен орнын ескеріңіз.

Өзіңізден кейін қоқыс қалдырмаңыз.