Полиция департаментінде Тәлімгерлер кеңесінің жаңа жыл алындағы отырысы өтті

Полиция департаментінде Тәлімгерлер кеңесінің жаңа жыл алындағы отырысы өтті

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде Тәлімгерлер кеңесінің жаңа жылдық отырысы өтті. Бұл орган кадр қызметі офицерлері мен полиция ардагерлерінің жас қызметкерлерді кәсіби дамыту және патриоттық тәрбиелеу жөніндегі бірлескен жұмысын үйлестіру үшін құрылды.

Тәлімгерлер кеңесі төрағасының орынбасары отставкадағы полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев өз баяндамасында СҚО полиция департаментінің ардагерлер активі өткізілетін іс-шараларға ұдайы қатысатынын, өз тәжірибелерімен үнемі жас буынмен бөлісетіндігін атап өтті. Әдістемелік және практикалық көмек көрсету үшін ардагерлер учаскелік полиция пункттеріне бекітілді.