
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің құрамындағы ақпараттандыру және байланыс басқармасының арнайы мемлекеттік архиві қызметкерлерінің еңбегі жоғары деңгейде атап өтілді.
Архивтің бас маманы полиция подполковнигі Эльмира Валиулина мен архивтің инспекторы полиция капитаны Айнұр Мұқашева грамоталармен марапатталды, архивтің технигі полиция сержанты Мәдина Мүсәпіроваға ҚР ІІМ министрінің алғысы жарияланды.
Аталған марапаттарды полицей-қыздарға СҚО бас полицейі полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов кәсіби мереке – архившілер күніне орай өткен салтанатты жиында табыс етті.
Арнайы мемлекеттік архивтің жұмысы басқа қызметтермен салыстырғанда аса таныс болмағанымен, полиция департаментінің жалпы жұмысы үшін маңызды бөлініс болып табылады. Бір жыл ішінде оның қызметкерлері 474 мемлекеттік қызметті көрсетті.